ҚАРАПАЙЫМ ТІЛ

lat: QARAPAIYM TİL

әдеби тілді меңгермеген бүтіндей қала тұрғындарының сөйлеуі немесе сөйлеу элементі. Орыс тілінде бұл «просторечие», француз тілінде Langue populaire деп аталады. Онда арго, жаргон элементтері көп қатысады және ол кейде француз тілінің стилистикалық бір түрі деп те аталады; қарапайым тіл ағылшындарда nonstandard illierate speech ағылшын тілінің функционалды-стилистикалық бір түрі, сленгі; немістерде Halbmundart, Umgangssprache деп аталады, ол неміс тілінің күрделі функционалдық және әлеуметтік белгілерін көрсетеді. Қазақ тілінде қарапайым тіл тек ауызша формада және көбінесе тұрмыстық жағдайларда қолданылады, кейде көркем шығармаларда стильдік мақсатта пайдаланылуы мүмкін.